Атырау облысында колонияға iPhone кіргізбек болған дрон атып түсірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында колонияға iPhone кіргізбек болған дрон атып түсірілді

Ұлттық ұлан жауынгерлері Атырау облысындағы ерлер колониясы үстінде сәлемдеме салынған дронды атып түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚАЖД мәліметінше, оқиға УГ-157/9 түзеу мекемесі маңында (66 түзеу колониясы – ескерт.) болған.

"№1 диспетчер орнынан радиостанцияға №2 жергілікті учаске маңында, колледж ғимараты үстінде белгісіз ұшатын нысан байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факт бойынша дереу түзеу мекемесі қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жауынгерлерінен құралған кезекші топ жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеткенде кезекші топ дронды байқағаны айтылды. Ұшақтың төмендегенін күткен топ оны атып түсірген. Дрон құлағаннан кейін таспаға оралған қапшық табылды.

"Күдікті қапшықты ашу үшін Атырау қалалық ІІБ жедел тобы шақырылды. Осыдан кейін дронға Apple iPhone 11 смартфоны мен қуаттағыш бекітілгені белгілі болды", - деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети