Атырау облысында көшедегі әжетханадан нәресте табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында көшедегі әжетханадан нәресте табылды Иллюстрациялық фото:aifudm.net

Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бала туып, оны көше дәретханасында қалдырған әйелдің жеке басы анықталды.

"3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәби тірі екенін хабарлады.

"Бала Индер аудандық ауруханасының перзентханасына орналастырылды, ол - ұл бала. Балада дененің гипотермиясы болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды, тірі. Анасы Индер ауданының 1990 жылы туған тұрғыны. Ол аудандық аурухананың босанғаннан кейінгілер бөлімшесіне жатқызылды", - деп нақтылады ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети