Атырау облысында құрылысқа бөлінген 467 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында құрылысқа бөлінген 467 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды Видео кадры/ҚМА

ҚМА Атырау облысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Атырау облысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік нысандар, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша "Атырау облысы Құрылыс басқармасы" ММ-ның лауазымды тұлғалары мен "Техника-Рем строй" ЖШС-ның басшысына қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, сотқа жолданды. Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 миллион теңге. ЖШС-ның басшысына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, серіктестіктің 79 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Ал, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және тағы да бір тапсырысшыға қатысты "үйқамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети