Атырау облысында мектеп пен сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырылғаны анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында мектеп пен сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырылғаны анықталды Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Шенеуніктер Атырау облысында мектеп пен сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеуніктер Атырау облысында мектеп пен сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство "Атырау облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мен "Техника-Рем строй" ЖШС басшысына қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Атырау облысында мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына бөлінген аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

"ЖШС басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатқаны айтылды. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети