Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Атырау теміржол вокзалының жарылатынын айтқан әйел сотталды

15 Шілде 2014, 17:40
0
Сотталушы Зарина Жамантаева. ©Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі
Сотталушы Зарина Жамантаева. ©Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Атырауда теміржол вокзалының жарылатынын хабарлаған әйел төрт жылдан астам мерзімге сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау соты Зарина Жамантаеваны "Терроризм акті туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабында қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп танып, жалпы режимдегі колонияда төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 8 сәуірі күні Атырау облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жалпы режимдегі колонияда жаза өтеп жатқан Зарина Жамантаева полицияға хабарласып, Атырау теміржол вокзалы ғимаратында бомба барын айтқан. Сот өкілдерінің айтуынша, телефон терроризмінің кесірінен арнайы қызметтерге көлемі 139 мың теңгеден асатын материалдық шығын келген. 

Атырау теміржол вокзалында мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Маусым айында ғимаратты мас әйелдің "жарып жібермек" болғаны хабарланды. "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері түскен хабар бойынша ғимаратты тінтіп шығып, жарылғыш затты таппады. Кейінірек вокзал маңынан алкогольден мас әйел табылды, полицияға жалған хабар берген сол болып шықты.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай