Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атырау тұрғыны әскери бронкөлікті сатып жібермек болған 27 сәуір 2022, 11:29

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда 35 жастағы ер адам бронд­алған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) заңсыз сатуға тырыс­қан. Бұл туралы 12 сәуірде полицияға жед­ел ақпарат түскен. Оны Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматқа тиесі­лі әскери көлік табылып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу") бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram