09 тамыз 2015 | 14:18

Атырауда 1993 жылғы полицейге Өзбекстан азаматын өлтірді деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Атырауда полицейге Өзбекстан азаматын өлтірді деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлназира Мұхтароваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда полицейге Өзбекстан азаматын өлтірді деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлназира Мұхтароваға сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, Атырау қаласының тұрғыны кезекші бөлімге хабарласып, өзінің үйінде уақытша тұрып жатқан туысқаны - Өзбекстанның 1989 жылғы азаматтың жоғалып кеткенін хабарлайды. 

"Ер адам үйіне келгенде сейфінің жоғалғанын анықтайды, оның ішінде ақша мен алтын әшекей сақталған. Алайда пәтер есігі бүлінбеген. Із-түссіз жоғалған адамды іздеу барысында тәртіп сақшылары адамның жоғалуына бір полицейдің қатысы барын анықтайды. Дереу жедел-тергеу тобы құрылып, оның құрамына өзіндік қауіпсіздік басқармаысның қызметкерлері кіреді", - деді баспасөз өкілі.

Жоғалып кеткен азаматтың денесі Атыраудан 30 шақырым жердегі далалықта көмілген күйі табылды. Тәртіп сақшылары 1993 жылғы полицейді ізін суытпай ұстады. "Мұнымен қатар, шетел азаматының жоғалып кетуіне тағы бір адамның қатысы бар екендігі анықталды. Ол да Өзбекстан азаматы, ол Атырауда уақытша тұрып жатқан. Ұстау кезінде одан жоғалған алтын бұйымдар табылды", - деді Мұхтарова.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу "Адам ұрлау", "Тонау" және "Кісі өлтіру" баптары бойынша тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети