Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

20 сәуірде Атырау облысының полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 1975 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.

48 жастағы шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленген.

Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети