Атырауда 90-жылдардың ізімен жұртты дүрліктіріп келген рэкеттер сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырауда 90-жылдардың ізімен жұртты дүрліктіріп келген рэкеттер сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қорқытып алушылықпен айналысқан ұйымдасқан топтың мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеу органдары сотталушылар екі ер адам мен бір әйелге қылмыстық топ құру және Атырау қаласында жеңіл жүрісті қыздардың притонын ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысу, сондай-ақ қорқытып алушылық және заңсыз бас бостандығын айыру фактілері бойынша айып тақты.
Сотталғандардың бірінің жәбірленушілердің қызметі мен олардың қалай ақша табатынын білгені анықталды. Сөйтіп, ол пайдакүнемдік мақсатпен өзінің қасына 2 адамды қосып, қылмыстық топ құрады. Ол көмекшісінің көмегімен жәбірленушілерді қорқытып, қарыз алғаны жөнінде жалған қолхат жаздырып, артынша осы қолхат бойынша олардан ақша жинап отырған. Екінші сотталушы болса жәбірленушілерге өзге адамдардың ұрынуынан немесе полиция қызметкерлерінен қорғаншылық жасау қызметін атқарып, өз қызметтеріне қаражат талап етеді.
"Сот үкімімен сотталушылар ұйымдасқан топты құрғаны, оған қатысқандары және қылмыстық топ болып қорқытып алушылықпен айналысқандары үшін кінәлі деп танылып, қосымша жаза ретінде жеке мүліктері тәркілеуге алынды. Сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, қалған екі сыбайласына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде екі ер азаматқа қатаң режим, ал әйелге жалпы режимдегі түзеу колониялары белгіленді", - делінген ведомство хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.