Атырауда алаяқ пәтер алып беремін деп тұрғындардың 185 миллион теңгесін алып кеткен

viewings icon 560 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырауда "қаладан элиталы пәтер алып беруге көмектесемін" деген алаяқ 20-дан аса тұрғынның жалпы 185 миллион теңгесін алып кеткен. Алданып қалған тұрғындар облыстық прокуратура алдына жиналып, қылмыстық іс тиісінше жүрмей жатқанын айтты, - деп хабарлайды "АкЖайык".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда "қаладан элиталы пәтер алып беруге көмектесемін" деген алаяқ 20-дан аса тұрғынның жалпы 185 миллион теңгесін алып кеткен. Алданып қалған тұрғындар облыстық прокуратура алдына жиналып, қылмыстық іс тиісінше жүрмей жатқанын айтты, - деп хабарлайды "АкЖайык".

Нарықтағы бағадан арзан пәтер алу үшін тұрғындар Айбарша есімді әйелге бес миллион мен он миллион аралығында ақша берген. Айбарша элиталы үйлерде банкте тыйым салынған пәтерлер барын және сол пәтерлерді сатып алуға көмектесетін таныстары барын айтқан. Кейбірі сеніп, ақша табу үшін өзінің пәтерін сатып жіберген.

Тергеудің жүріп жатқанына 9 ай болған және прокуратураның алдына жиналғандар бұл тым ұзақ екенін, бұл мәселеге біреу араласып отырғанын айтады. 

Гүлнар Қуанышева үш жасар ұлымен туыстарының үйінде тұрып жатқанына бір жылдан асқан. Ол 2019 жылы Нұрсая ықшамауданындағы үш бөлмелі пәтерін 12 миллион теңгеге сатып, ақшаны Айбаршаға берген.  

"2019 жылдың сәуірінде мен оған 9 миллион 700 мың теңге бердім, сосын ол тағы 2 миллион теңге сұрап, ол ақшаға екі пәтер алуға болатынын айтты. Қолхат бердім. Оған сеніп жүрдім, енді ғана ол алаяқтық екенін түсіндім", - дейді Гүлнар. 

"Мен 8 миллион бердім. Бізге жаңа элиталы үйдегі екі бөлмелі пәтерді көрсетті. Қажет соманы алу үшін екі кредит алдым. Қазір енді айына 200 мың теңге төлеймін", - дейді тағы бір жәбірленуші Есен Қадиев. 

9 ай бұрын аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған, алайда тергеушілер жәбірленушілерді тергеуге шақырмаған.   

"Қылмыстық іске тергеу жүргізіліп, сотқа жіберілген, бірақ сот оны қайтадан прокуратураға Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 323-бабы бойынша жолдады", - дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин. 

Оның сөзінше, сот істі тергеуге қылмысқа басқа да адамдардың қатысы болғандықтан қайтадан жолдаған. Ол бір айдың ішінде қайтадан сотқа жолданады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
24°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю