Атырауда аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ сотталды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан 5 тұрғын 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан 5 тұрғын 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылңы 26 қаңтарда Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ​аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 5 адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Топтың құрамындағы ​кәмелетке толмаған 17 жастағы күдіктінің алаяқтық дерегі бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрғаны анықталды. ​Ұсталғандардың барлығы Тараз тұрғындары.

"Тексеру кезінде олардан 1 келі 200 грамм, яғни 4 мыңға жуық дозаны құрайтын синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ 2 дана электронды ас үй таразылары, 7 дана электр таспасы, фольга және тағы да басқа заттар анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі мефедрон екені анықталды. Олар жеңіл пайда табу мақсатында Тараздан арнайы Атырауға келген", - делінген хабарламада.

Дәлелдеме ретінде қылмыстық топтың ақшалай қаражатты туыстарының атына аударып, иемденіп отырғандары белгілі болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 2024 жылы 25 сәуірде 1994, 2001, 2004, 2004 жылдары туған азаматтар 10 жылға бас бостандығынан және 2005 жылы туған азаматқа 7 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети