06 ақпан 2018 11:06

Атырауда ауру қыздарды жезөкшелікке салған алматылық сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі

Атырау соты алматылық 48 жастағы ер адамға жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткені үшін үкім шығарды, - деп хабарлайды "Ак Жайык".


Атырау соты алматылық 48 жастағы ер адамға жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткені үшін үкім шығарды, - деп хабарлайды "Ак Жайык".

Тергеу мәліметінше, ер адам пәтер жалдап жезөкшелер қызметін ұсынып, қыздар тапқан табыстың көп бөлігін алып отырған. 

Оның ішінде бір қыз туберкулезбен ауырған, ал тағы біреуі 2016 жылдан бері "сифилис" диагнозымен тіркеуде болған. 

Дүйсенбіде, 5 ақпанда, № 2 Атырау қалалық соты азаматты "Бопсалау" бабы бойынша кінәлі деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын "қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде" өтейтін болады. Жеңгетайлықпен айналысқан ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ, алдағы уақытта сот шешіміне арыз бермекші. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети