Атырауда білім басқармасы басшысының орынбасары ұсталды - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда білім басқармасы басшысының орынбасары ұсталды - БАҚ Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Атырау облысы білім басқармасы басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары ұсталды. "Ақ Жайық" басылымының мәліметіне сүйенсек, ол және басқарманың басқа да қызметкерлері мемлекеттік қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы білім басқармасы басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары ұсталды. "Ақ Жайық" басылымының мәліметіне сүйенсек, ол және басқарманың басқа да қызметкерлері мемлекеттік қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері "алдын ала сөз байласу арқылы" аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағанын айтты. Олар басқармада жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аудару арқылы заңсыз әрекет жасаған. Сонымен қатар, қызметкерлердің іссапар шығынын арттырып, іс жүзінде өтпеген шараларға ақша бөлген.

"Қ. есімді әйел ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - деді агенттік қызметкері.

Басылым мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары 38 жастағы күдікті (2015-2020 жж.) басқарманың бухгалтериясында жұмыс істегенін және тек 2020 жылдың қарашасында басшы орынбасары болғанын анықтаған.

Білім басқармасының басшысы Сәтқан Есенғалиев уақыты жоқ екенін айтып, сұрақтарға жауап берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети