1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атырауда браконьерлерден бір тоннадан аса қызыл балық тәркіленді23 қыркүйек 2020, 16:10

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Атырауда полиция қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары олардан бір тоннадан аса қызыл балық тәркілеген. Полицейлер браконьерлерді Атырау - Орал тасжолында ұстаған. Күдіктілер Toyota Land Cruiser көлігімен 345 бекіре тұқымдас балық пен қолдан жасалған уылдырық тасымалдаған.

"Тәркіленген қызыл балықтың жалпы салмағы бір тоннадан асты, ал уылдырық салмағы 200 грамм болды. 28 жастағы жүргізуші мен 29 жастағы жолаушы ұсталды. Олар уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігі ("Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және жоғалу қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін, олардың бөліктерін заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда күн суытады