Атырауда ер адам әйелін жарақаттап, өз-өзіне қол салмақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Атырауда ер адам әйелін жарақаттап, өз-өзіне қол салмақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, кеше Атырауда ерлі-зайыптының, 43 жастағы әйел мен 53 жастағы ер адамның арасында көшеде жанжал шығып, күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін ер адам өзіне қол жұмсамақ болды.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті ер адам қазір ауруханада, ол күзетте. Материал ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді. Әйел есін жимастан қайтыс болды", - деді аймақтық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Сонымен қатар, Атырау облыстық ІІД өкілдері бұл оқиғаны ІІД тергеу басқармасының қызметкерлерінің тергеп жатқанын айтты.