Атырауда ер адам супермаркетті қиратып кеткен

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда ер адам супермаркетті қиратып кеткен

Атырауда есірткі саудасымен айналысатын ер адам супермаркетті қиратып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда есірткі саудасымен айналысатын ер адам супермаркетті қиратып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қаңтар күні түнде белгісіз ер адам Атыраудағы супермаркеттердің бірінің терезесін сындырып кіріп, ішіндегі түрлі тамақтарды шаша бастаған. Дүкенде дабыл қағып, оқиға орнына полиция дереу жеткен.

Тәртіп сақшылары 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол 2013 жылдан бері наркологиялық есепте тұрған, алдын ала мәлімет бойынша, дүкенге есірткі іздеп кірген. Қылмыс жасаған кезде ол ес-түссіз болған.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы "Ұрлық жасауға оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол әкімшілік қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети