Атырауда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атырауда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамызда шамамен кешкі сағат 19:45-те Көктем шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінің маңында болған. Күдікті мас болған.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, ер адам қыздың қолынан ұстап, алып кетпекші болған. Алайда жергілікті тұрғындар мұны байқап, одан қызды тартып алған. Кейін олар полиция шақырған.
Сондай-ақ, күдікті 42 жаста екені, оның Атырауға ақша табу үшін келгені белгілі болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!