Атырау облысы Махамбет ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы Нұрлыбек Досқайыров қызметтен шеттетілді, - деп хабарлайды "Мой город" жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Әлібек Қайыровқа сілтеме жасап. Айта кетейік, ол өткен жылдың желтоқсанында қарамағындағылардың хаттамаларын жойған еді.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қызметтік соталды тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша қандай жазалау шарасы таңдалатыны анықталады", - деді Қайыров.
Еске салайық, 2016 жылдың желтоқсанында қарамағындағы полиция қызметкерлерінің хаттамасын тартып алып, жыртып, мұнымен қоймай былапыт сөз айтқаны видеоға түсірілген Досқайыровтың оқиғасы қоғамда қызу талқыланған болатын. Бұл оқиға кезінде Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мәлік Аманов та болған. Кейін ол оқиғаның мән-жайын айтып берген. Сөйтсек, полиция басшысына полицейлер тоқтатқан трактордың жүргізушісі хабарласып, көмектесін сұраған. Ал әкім орынбасары өз кезегінде жергілікті полиция қызметі басшысымен кеңескісі келген екен.
Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!