20 қазан 2016 | 17:49

Атырауда қылмысын мойындаған экс-полицейдің ашық хатынан кейін ұсталғандар кепілмен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудағы №2 соттың судьясы осыған дейін ұсталған қалалық криминалдық полицияның бұрынғы басшысы Нұрболат Қабдешев пен қалалық ІІБ жоғары жедел уәкілі Бейбіт Шалтеновқа бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босатты, - деп жазады "Ақ Жайық". Облыстық соттың баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, соттың шешімі 20 қазанда шықты.


Иконка комментария блок соц сети

Атыраудағы №2 соттың судьясы осыған дейін ұсталған қалалық криминалдық полицияның бұрынғы басшысы Нұрболат Қабдешев пен қалалық ІІБ жоғары жедел уәкілі Бейбіт Шалтеновқа бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босатты, - деп жазады "Ақ Жайық". Облыстық соттың баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, соттың шешімі 20 қазанда шықты.

Кепілдің сомасы көрсетілмеген. Ұсталғандар ҚР Қылмыстық Кодексінің 308-бабының 4 бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ашық хаты жарияланып, кеңінен таралған болатын. Нақтырақ айтсақ, Атырау қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкері, 23 жастағы Манарбек Өтеуов 2015 жылдың тамызында басшыларының бұйрығымен адам өлтіргенін мойындап, хат жазған. Ол хатында адамдардың нақты аты-жөндерін атап, қалалық полиция қызметкерлерінің бірнеше кәсіпкерлерге "жәрдемдесетінін" айтады.

"Басшыларымның бұйрығымен мен Атырау қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс жасадым. Ақша төлемегендерді түрмеге отырғыздық, оларды шығару үшін 500 мың теңгеден 7 миллион теңгеге дейін ақша талап еттік. Алматы қалалық ІІБ осылайша ауқымды бизнес-орталыққа айналды", - деп жазған Өтеуов хатында.

Сонымен қатар, Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Өтеуовтің үстінен 16 қылмыстық эпизод бойынша іс қозғалғанын, оның ішінде адам өлімі мен жалған құжат жасаудың бар екенін айтты. Қазіргі уақытта экс-полицей қамауда отыр. Іс сотта қаралады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети