05 ақпан 2020 09:14

Атырауда қызға қарақшылық шабуыл жасағандар күтпеген жайға тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Нұрсая ықшамауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде түсірілген жазба таралып жатыр, - деп хабарлайды ATPress.kz


Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Нұрсая ықшамауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде түсірілген жазба таралып жатыр, - деп хабарлайды ATPress.kz

Видео кадрларынан қыз есік ашып жатқан кезде белгісіз бір ер адамның оның соңынан аңдып, бір сәтте оған екі ер адамның шабуылдағаны көрінеді.

Ал бірнеше секундтан соң сол пәтерден ер адам шығып, қарақшыларды итеріп тастағаны байқалады. Шабуылдағандар бірден қашып кеткен. Бұл оқиға 3 ақпанда сағат 18.46-да болған.

"Бұл дерек тіркелді, сотқа дейінгі өндіріс жүріп жатыр", - делінген Telegram-дағы "Атырау облысы әкімдігі" парақшасында.

Ал өңірлік полиция департаментінің өкілдері осы оқиға бойынша кейінірек мәлімет беруге уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети