Атырауда қылмыстық полиция қалалық ІІБ басшысы Нұрболат Қабдеш пен қалалық аға жедел уәкілетті Бейбіт Шәлтенов ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Ұстау шаралары осы жылы 17 қазанда Манарбек Өтеуовтің хатына байланысты жүргізілген.

Ұсталғандарға, ҚР бас прокуратураы жүргізіп жатқан тергеу барысында, "билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, топпен жасалған қылмыс" бойынша айып тағылған.
Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясының 2016 жылдың 10 тамызында Астана қаласының 1992 жылғы тергеушісіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілгені хабарланып отыр.
"Тергеуші лауазаымдық өкіліеттіліктерін асыра пайдаланды және Атырау қалалық ІІБ-де тергеуші ретінде лауазымдық міндеттерін орындау кезінде кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты деген күдікке ілініп отыр", - делінген соттың хабарламасында.
Еске сала кетейік, мұның алдында БАҚ беттерінде Өзбекстан азаматын өлтірді деп сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ІІБ-ның кейбір қызметкерлерінің бірнеше қылмыс жасалды деген фактілер көрсетілген ашық жүгіну хаты жарияланған болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аталған фактілерді тексеру үшін ведомствоішілік жедел-тергеу тобын құрған болатын. Қазіргі таңда аталған жедел-тергеу тобы полиция қызметкерлеріне қатысты бірнеше қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұған дейін сот оларға қатысты бұлтарпау шарасына санкция берді.