Атырауда МКД экс-басшысы 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда МКД экс-басшысы 10 жылға сотталды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ақша бопсалады деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ақша бопсалады деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау қаласы № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 13 қазанда шығарылған.

"Сот сотталушының лауазымды тұлға бола отырып, тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдамағаны үшін қоластындағылардан бопсалау арқылы 3 000 доллар пара алғанын анықтады. Қабылданған антты бұзу ауырлататын жағдай деп танылды.

Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруды тағайындауды әділ шешім деп тапты", - делінген хабарламада.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети