Атырауда өз қызын азғырған педофил 15 жылға сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда өз қызын азғырған педофил 15 жылға сотталды Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Атырауда өз қызын бір жыл бойы азғырып келген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда өз қызын бір жыл бойы азғырып келген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз қызын азғырды деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шықты. Сондай-ақ, айыпталушы үйінде оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған.

"Сотталушының кінәсі куәгерлер, жәбірленуші айғағы, сараптама нәтижелері және бейне жазбалармен толық дәлелденді", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сот үкімі бойынша ер адам Қылмыстық кодекстің 124 және 287-баптары - "Кәмелетке толмаған балаларды азғыру" және "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ, оған өмір бойына ұстаздық қызмет атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынған. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети