Атырау облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы алаяқтық және пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өңірдегі департаментіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылық басқарма басшысы міндетін атқарушы К. Жанқуатовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталғаны айтылады.
"Жанқуатов жүйелі негізде алаяқтық пен бопсалау арқылы "Агробизнес 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия беру мәселесін оң шешкені үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен пара алып отырған", - делінген ведомство хабарламасында.
16 шілдеде Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Жанқуатовқа 2,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот үкімнің заңды күшіне енген күнінен бастап 1 ай ішінде айыппұл төлеу мерзімін белгіледі және төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады деп түсіндірді.
Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.