Атырауда полицей шетелдіктердің төлқұжатын тартып алып, ақша бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полицей шетелдіктердің төлқұжатын тартып алып, ақша бопсалаған Фото Tengrinews.kz

Атырауда полиция қызметкері шетелдіктерден төлқұжат алып, ақша бопсалағаны үшін бес жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Бекайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 22 қаңтарында Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Атырау облысы бойынша Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Р. Зұлқашев өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан және полиция капитаны атағынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол Өзбекстан Республикасы азаматтарының паспорттарын заңсыз тартып алып, оларды қайтару үшін ақша алу мақсатында өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілінді", - деді Бекайдаров онлайн-брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети