Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қатардағы жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, биыл 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады", - делінген хабарламада.
Оған қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдік келтірілді. Сот санциясымен Ж.Ж. Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.