Атырау қаласындағы шетелдік компанияның миллиондаған қаражатын жымқырды деп айыпталған есепшісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотталушы Шинибаева 2010 жылдан 2013 жылдар аралығында "CaspianContractorsTrust" ЖШС-де бас есепші қызметінде бола тұра, еңбекақыға және кәсіподақ арқылы материалдық көмек ретінде қаражат аударылды деп өзінің банкоматтық шотына заңсыз қаражат аударып отырған. Сөйтіп, ол ЖШС-тен үш жыл ішінде 15 541 423 теңге қаражатты жымқырған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Шинибаева өзіне тағылған айыпты мойындап, өкінетіндігін айтты. Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы мен прокурор арасында кінәні мойындау түріндегі процесстік келісім жасалды.
"Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Шинибаева Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" тармағымен (ескі редакцияда) кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы мен бухгалтерлік қызметімен айналысу құқығынан 2 жылға айыру белгіленді", - делінген хабарламада.