25 ақпан 2020 | 17:22

Атырауда шетелдіктер жұмыс істейтін кәсіпорында төбелес болған

Атырауда шетелдіктер жұмыс істейтін кәсіпорында төбелес болды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда шетелдіктер жұмыс істейтін кәсіпорында төбелес болды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таяуда 23 ақпанда Атыраудағы кәсіпорындардың бірінде төбелес болды. Онда қылмыс болмаса, шетелдіктердің жұмыс істеп жүргенін білмес пе едік? 300-ден аса адам. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің азаматтары жұмыс істейтін ЖШС", - деді Қожаев.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында кәсіпорында 138 шетелдіктің заңсыз жұмыс істейтіні анықталды.

"Бірнеше адам сөзге келіп қалған. (...) Бұл жағдай болмағанда ол ЖШС-ты тексеруге бармас та едік. Төбелестің мән-жайын анықтау барысында 138 шетелдіктің заңсыз жұмыс істеп жүргені белгілі болды. Олар еңбек мигранттары ретінде рәсімделмеген. Шетелдіктер біздің елге басқа мақсатпен келген. Бірақ ЖШС көші-қон заңнамасын бұзып отыр. Екі қазақстандық сөзге келіп қалған", - деді Қожаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная