Атырауда сотталушылар тергеу изоляторында тәртіп бұзбақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда сотталушылар тергеу изоляторында тәртіп бұзбақ болған

Атырауда тергеу изоляторында отырған сотталушылар тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда тергеу изоляторында отырған сотталушылар тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда тергеу изоляторындағы сотталғандар мен тергеудегі ер адамдар мекеменің қызметкерлеріне бағынбаған.

"2 маусымда Атыраудағы тергеу изоляторын (қамауға алынған, бас бостандығынан айырылған немесе ерекше режимде ұстау жазасына кесілген адамдарды ұстайтын мекеме) кешкі тексеру барысында 5 сотталған ер адам белгіленген режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырған. Заңға қайшы басқа әрекеттер болмас үшін жоғарыда аталғандар тәртіптік изоляторға қамалды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тәртіп бұзған 5 ер адамның ауыр және аса ауыр қылмыстары және адам өлтіру, адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталғанын атап өтті. 

"Оқиға орнына Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура өкілдері барды. Олар сотталғандардан жауап алып жатыр", - делінген хабарламада.

Тіркелген факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 428 бабы "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ждём официальную информацию!

Публикация от Миллион кз (@million_kz001)

Instagram желісіндегі million_kz001 парақшасында Атыраудағы тергеу изоляторы ғимаратының видеосы тарады. Онда көп адам жиналғанын көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети