Атырау прокурорлары қалалық сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатын тексеріп, заң бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап.

Интернатта ата-ана қамқорлығынсыз қалған 98 бала тұрып жатыр. Тексеріс барысында прокурорлар мекеме жұмысшыларының мүгедек балаларға күш көрсетіп, оларды ұратынын анықтады. Тәрбиешілер ұзақ уақыт бойы балаларды ұрып, оларды жұмысқа салып қойған. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар бұл туралы ешкімге айта алмаған.
"Оларды бейнебақылау камерасы да тоқтатпаған. Өкінішке қарай, 2018 жылдың желтоқсанынан осы жылдың қаңтарына дейінгі жазбалар ғана белгіленді. Бірақ соның өзі сотқа дейінгі тергеуді бастауға жеткілікті", - деді Сыбанқұлов.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Балаларға қол көтерген мекеме жұмысшылары қызметтен шеттетілді. Істі облыс прокуроры өз бақылауына алған.