11 тамыз 2021 09:06

Атырауда тұрғынға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Атырауда көшедегі бейнебақылау камераларына қарақшылық шабуыл түсіріп қалды. Полиция мәліметінше, шабуылдаушы жәбірленушінің ақшасы бар сөмкесін алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелге шабуыл жасалған сәт мейрамханалардың бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам жәбірленушіні итеріп жіберіп, оны бірнеше рет ұрып, одан сөмкені жұлып алған. Полиция 26 жастағы ер адам 45 жастағы әйелге күш көрсетіп, сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын сындырғанын анықтады. Жәбірленушінің сөмкесінде 60 мың теңге қаражаты болған.

"Факт Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша "Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы жасалған тонау, немесе осындай зорлық-зомбылықпен қорқытумен" тіркелген, - деді полиция.

Бұл бап мүлікті тәркілеумен жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети