Атыраудың бұрынғы әкімі Асқар Керімов жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, - деп хабарлайды "Мой город". Бұрынғы әкімнің бостандыққа 18 маусым күні шыққаны туралы оның адвокаты Абзал Құспанов Facebook-тегі парақшасына жазды.

"Мен заңмен белгіленген мерзімнен 3 айға ерте босап шықтым. Бұған дейін тергеу изоляторының әкімшілігі осы уақыт ішінде менің түзелгенім туралы және дұрыс жолға түскенім туралы мінездеме берді. Енді міне мені босатты. Мені осы кезеңде қолдағандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Болашаққа белгілі бір жоспарым жоқ", - деді Асқар Керімов "Астана Тв" телеарнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша 22 айыпталушы сотта жауап берді, олардың арасында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукенов, Асқар Әбдіров пен Атыраудың экс-әкімі Асқар Керімов бар. Керімов 3 жылға сотталған болатын.