16 қаңтар 2018 14:24

Атыраулық жігітті 600 мың теңге үшін зиратқа апарып екі сағат бойы арматурамен сабағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestikavkaza.ru © vestikavkaza.ru

Атырауда адам ұрлап, зират басына апарып 600 мың теңге беруін талап еткен, - деп хабарлайды ATPress.kz өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атырауда адам ұрлап, зират басына апарып 600 мың теңге беруін талап еткен, - деп хабарлайды ATPress.kz өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, оқиға 2018 жылы 4 қаңтарда болған. Екі адам "СМП-163" ықшамауданында 1990 жылғы N. азаматты ресейлік нөмірмен тіркелген ВАЗ-2114 көлігіне күштеп отырғызған. Қаскөйлер оны зират басына алып келіп, екі сағат бойы арматурамен ұрып, 600 мың теңге беруін талап еткен. Кейін қалаға алып келіп, көшеге тастап кеткен. 

Зардап шегуші полицияға шағымданды. Полицейлер шара қолданып, күдіктілердің кім екенін анықтады - олар Атырау қаласының бұрын сотты болған 1987 жылғы және 1990 жылғы тұрғындары. Сонымен қатар олардың деструктив діни ағым ұстанушылар екені де анықталды. 

Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің Атыраудан кетіп, пойызбен Оңтүстік Қазақстан облысына бара жатқаны белгілі болды. Ары қарай олар Қазақстан аумағынан шығып кетіп, Қырғызстанға өтіп кетпекші болған. Өткен аптада олар Түркістан қаласында ұсталды. 

Полицейлер осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі 1,3 және 8-тармағы (Адамды ұрлау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, пайдакүнемдiк ниетпен жасалған дәл сол іс-әрекет) бойынша іс қозғады. 

Атырау қалалық № 2 соты видео конференция байланысы арқылы оларды қамауға алу туралы үкім шығарды. Ұсталған екеу Атырау қаласына күзет жасағымен жеткізіледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети