1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атыраулық қолданушы Facebook-те былапыт сөз жазғаны үшін қамауға алынды21 шілде 2017, 16:36

© SecurityLab © SecurityLab

Facebook әлеуметтік желісінде жағымсыз пікірін қалдырғаны үшін 4 тәулікке қамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

"Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат С. 2017 жылдың маусым айында "Атырау-Астрахань" тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Facebook әлеуметтік желісіндегі Атырау ОІІД-нің ресми парақшасында жарияланған хабарламаға былапыт сөздер жазып, өзінің пікірін қалдырған", - делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ, сот отырысында ол кінәсін мойындап, әрекетіне өкініпті.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 тәулікке әкімшілік қамауа алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.