Алқабилер соты өзінің жиені мен қарындасына азғындық әрекеттерді жасаған азаматқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алқабилер соты өзінің жиені мен қарындасына азғындық әрекеттерді жасаған азаматқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2017 жылдың маусым айында болған. Ер адам өз үйінде 7 жасар жиені мен 13 жастағы қарындасын қорқытып шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасаған.
"Сотта 2017 жылдың маусымы айында сотталушының үйінде жасы кәмелетке толмағандар - жиені (2012 ж.т.) Ф.А. және қарындасы (2004 ж.т.) М.А.-ның жалғыз өздері қалғанын пайдаланып, оларды қорқытып, шешіндіріп және өзі де шешініп, соңғыларына қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасағанын анықталған. Кенет қыздардың айғайлап, жылай бастағанын естіген әкесі үйіне жүгіріп кірген. Аталған қылмыстық істі қарау барысында алқабилер алқасы сотталушы А.Р.-ды жасы кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы кесім етті", - делінген хабарламада.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Р. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 124-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты педагогикалық және өзге де лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.