Атырау облысында болған жаппай төбелестен бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында болған жаппай төбелестен бір адам қаза тапты © Ridus.ru

Атырау облысындағы Құлсары қаласында болған жаппай төбелестен бір адам қаза тапты. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы Құлсары қаласында болған жаппай төбелестен бір адам қаза тапты. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова айтып берді.

Оқиға 29 тамызға қараған түні болды. Төбелес барысында оқ ататын қару қолданылған. Салдарынан Құлсарының 1994 жылғы екі тұрғыны жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілді, кейіннен біреуі жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Екіншісі әлі де ауруханада жатыр.

Полиция төбелеске қатысы бар деген күдікпен алты адамды ұстады. Олардың бірі, яғни 1993 жылғы тұрғын қамауға алынды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сонымен қатар, Құлсары маңында іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқ ататын қарудың бесеуі және патрондар табылды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети