Атырауда Бергей Рысқалиевке қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда Бергей Рысқалиевке қатысты сот үкімі шықты

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұрынғы әкімге өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдалана отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру, алаяқтық және пара алу айыптары тағылған. Мемлекет көрген шығынның сомасы 72 миллиард теңгеден асады.

Оның ағасы, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиевті сот 16 жылға бас бостандығынан айырды. 

Айыптау актісіне сәйкес, Бергей Рысқалиев өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдаланып отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру мақсатында қылмыстық топ құрған. Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. Сотталушылар сотқа келмеу себебінен процесс олардың қатысуынсыз өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети