Атырауда полицейлердің кәсіпкерді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полицейлердің кәсіпкерді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды © azh.kz

Құрманғазыда екі полицей "Сушняк" кафесінің қожайынын соққыға жықты, деп хабарлады "Ақ Жайық".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрманғазыда екі полицей "Сушняк" кафесінің қожайынын соққыға жықты, деп хабарлады "Ақ Жайық".

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желілерде кафе ішінде екі ер адамның үшінші бір адамды соққыға жығып жатқаны түсірілген видео кеңінен тарады.

"Әлгі адам қарсылық көрсетсе де, бірақ күштер тең емес. Роликтегі комментарийлерде бұл Құрманғазы АІІБ бастығының орынбасары Жасұлан Мұқашев және полиция майоры Әміржан Ертаев, олар осы жылдың шілде айында Құрманғазы ауданы орталығындағы "Сушняк" кафесінің қожайыны Нұрсейіт Аруовқа кешкі ас үшін ақы төлеуін талап еткен кезде күш көрсеткен", - жеп жазды басылым. 

Атырау облыстық ІІД мамандары видеодағы Құрманғазы АІІБ қызметкері Мұқашев пен Ертаев екенін растады. 

"Осыдан кейін Аруов полицияға шағымданды. Осы факті бойынша Атырау облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғады. Іс өндіріспен аяқталып, Құрманғазы аудандық сотына жолданды", - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Айта кетейік, ол полицейлердің Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айыпталып отырғанын нақтыламаған.

"Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша екі қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды", - деді ол.

Кейін Құрманғазы аудандық соты полиция майоры Ертаевқа қатысты ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа қылмыстық істің түскенін хабарлаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети