Атырауда қамауға алынған адам парамен босатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда қамауға алынған адам парамен босатылған ©Ярослав Радловский

Атырауда арнайы қабылдағышқа қамалған адам парамен босатылған, - деп хабарлайды "Мой город". Пара сот ғимараты алдында берілген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда арнайы қабылдағышқа қамалған адам парамен босатылған, - деп хабарлайды "Мой город". Пара сот ғимараты алдында берілген.

Атырау прокурорлары арнайы қабылдағыштан тұтқындалған азаматтардың бірін таппаған кезде дабыл қағылды. Прокуратураның мәліметінше, тұтқындалғандарды соттың шешімімен әкеліп қамайтын мекемені тексеру кезінде бір адам болмай шықты. Мамандандырылған әкімшілік сот ол адамды бес тәулікке қамау туралы шешім шығарған болатын. 

"Қосымша тексеріс кезінде Атырау жедел басқару орталығы кезекшісі көмекшілерінің тұтқындалған адамнан 50 мың теңге көлемінде ақша алғаны және оны сот ғимараты алдында босатып жібергені анықталды", - дейді қала прокурорының орынбасары Владимир Малахов. 

Екі көмекшіге қатысты "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды.

Бұған дейін Ақтөбе облысында колонияның экс-бастығының шұғыл бөлім бастығы арқылы 370 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін төрт жылға сотталғаны хабарланған еді. Түзеу мекемесінің бұрынғы бастығын қаржы полицейлері 2014 жылдың 13 мамырында ұстады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети