Атырауда тәрбиешілер мүгедек балаларды ұрып, жұмысқа салып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда тәрбиешілер мүгедек балаларды ұрып, жұмысқа салып қойған Иллюстрациялық фото: lentaregion.ru

Атырау прокурорлары қалалық сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатын тексеріп, заң бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау прокурорлары қалалық сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатын тексеріп, заң бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап.

Интернатта ата-ана қамқорлығынсыз қалған 98 бала тұрып жатыр. Тексеріс барысында прокурорлар мекеме жұмысшыларының мүгедек балаларға күш көрсетіп, оларды ұратынын анықтады. Тәрбиешілер ұзақ уақыт бойы балаларды ұрып, оларды жұмысқа салып қойған. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар бұл туралы ешкімге айта алмаған. 

"Оларды бейнебақылау камерасы да тоқтатпаған. Өкінішке қарай, 2018 жылдың желтоқсанынан осы жылдың қаңтарына дейінгі жазбалар ғана белгіленді. Бірақ соның өзі сотқа дейінгі тергеуді бастауға жеткілікті", - деді Сыбанқұлов. 

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Балаларға қол көтерген мекеме жұмысшылары қызметтен шеттетілді. Істі облыс прокуроры өз бақылауына алған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети