Атырауда жаңа туған сәбиді 5 мың долларға сатпақ болған дәрігер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жаңа туған сәбиді 5 мың долларға сатпақ болған дәрігер сотталды © РИА Новости

Атырау облысында перзентхана қызметкері сәбиді сатпақ болғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында перзентхана қызметкері сәбиді сатпақ болғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысындағы перинаталдық орталықтың қызметкері пайдакүнемділік мақсатта биологиялық ата-аналары бас тартқан жаңа туған сәбиді сатпақ болған. Ол сатып алушылармен сәбиді сату үшін қойылған шарттарды айту мақсатында кездесу белгілеп қойған.

Медициналық қызметкер сатып алушылардан бес мың доллар сұраған. Алдын ала төлем ретінде ақшаның жартысын алған. "2016 жылдың 19 маусымында шамамен сағат 13.21-де сотталушы әйел қалған 2 500 доллар ақшаны алып, сәбиді солай сатып жіберген. Содан полиция қызметкерлерінің тінту жұмыстары барысында сатып алушылардың берген 2 500 доллар көлеміндегі ақша тәркіленді", - деп хабарлады Атырау облыстық сотындағылар.

Соттың үкімімен перинаталдық орталықтың қызметкері ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша ("Кәмелетке толмағандар саудасы") айыпты деп танылды. Сотталушы әйелдің мүлкі тәркіленіп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети