Атыраулық тұрғын дүкеншіні балталап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық тұрғын дүкеншіні балталап тастаған © MedikForum

Атырауда психикалық ауруға шалдыққан тұрғын дүкеншіні балталап тастады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда психикалық ауруға шалдыққан тұрғын дүкеншіні балталап тастады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, биыл 26 қазанында Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы 1971 жылы туған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасына санкция берген. Ол Атырау қаласының М.Өтемісұлы көшесі бойындағы "Аманжан" дүкенінің дүкеншісі, Өзбекстан Республикасының азаматшасын дүкен ішінде балта мен пышақ қолдану арқылы өлтірді деген күдікке ілінген.  

Күдікті 2-топ мүгедегі екені анықталған, сондай-ақ тергеушінің айтуынша, күдікті психикалық ауруға шалдыққан, мұны анықтау үшін Психо-неврология орталығына мәлімет сұрату хаты да жолданған.

Сот психикалық дертке шалдыққан азаматтарға бұлтарпау шарасы қолданылмайтынын ескере отырып, оның ауруы жөнінде нақты мәлімет белгі болғанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын қысқа мерзімге белгіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети