Зыряновск қаласындағы екі оқушы қызды өлтірген Олег Яицкий өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталған ер адам қыздарды ұрлап әкетіп, зорлағаны үшін айыпталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зырян қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Олег Яицкий Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталды - адам өлтіру, зорлау, кәмелетке толмағандарды ұрлау, қарақшылық және сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер. Айта кетейік, сот отырысы ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.
"Ер адам баптарға сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделеді. Сот күші әлі заңды күшіне енген жоқ және сот шешіміне шағым түсіруге болады", - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, Зырян қаласының жұмыссыз жүрген тұрғыны Олег Яицкий Виктория Тойкенева мен 17 жастағы Ксения Сидоринаны өлтірді деп айыпталған еді.