Фото bnews.kz сайтынан
ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкім орынбасары өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иеленіп, шығындағаны үшін айыпталып отыр. "2013 жылы қыркүйек айында ол "Жәнібек құрылыс сервис" ЖШС есебіне 810 мың теңгені аударуға рұқсат берген. Аталған қаражат Жәнібек ауданындағы жол жөндеу жұмыстарына аударылды деген желеумен қолды болған", - делінген ресми хабарламада. Айта кеткен жөн, бұл қаржы ел бюджетінен "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында бөлінген болатын. Осы іске қатысты басқа мәліметтерді қаржы полициясы әзірге хабарламай отыр.
ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкім орынбасары өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иеленіп, шығындағаны үшін айыпталып отыр. "2013 жылы қыркүйек айында ол "Жәнібек құрылыс сервис" ЖШС есебіне 810 мың теңгені аударуға рұқсат берген. Аталған қаражат Жәнібек ауданындағы жол жөндеу жұмыстарына аударылды деген желеумен қолды болған", - делінген ресми хабарламада.
Айта кеткен жөн, бұл қаржы ел бюджетінен "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында бөлінген болатын. Осы іске қатысты басқа мәліметтерді қаржы полициясы әзірге хабарламай отыр.