02 қазан 2020 17:03

Аудиторлардың ұсталған сәті видеоға түсірілді

Скрин видео

Алматы облысында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл іске қатысты тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бастаған.

Реклама
Реклама

"Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманы "Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" басшысынан тексерілетін "Жамбыл ауданының Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу және салу" нысаны бойынша аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

БҚО-да қылмыстық істі 5 миллион теңге жауып бермек болған тергеушілер ұсталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram