02 қазан 2020 16:20

БҚО-да қылмыстық істі 5 миллион теңге жауып бермек болған тергеушілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zn.ua Фото: zn.ua

БҚО-да қылмыстық істі 5 миллион теңгеге жауып беруге уәде берген тергеушілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


БҚО-да қылмыстық істі 5 миллион теңгеге жауып беруге уәде берген тергеушілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі мен жедел уәкілге қатысты тергеуді бастаған.

"Олар 2020 жылы 1 қазанда азамат Т-ны алдау және сенімін пайдалану арқылы басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтатуға ықпал ету сылтауымен 5 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген. БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Оралдағы уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі бұл іске қатысты шешімді сот шығаратынын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети