Ауған соғысының ардагері Павлодарда мас күйі көлік жүргізгені үшін қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап.
Ауған соғысының ардагері Павлодарда мас күйі көлік жүргізгені үшін қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, жол полициясы қызметкерлері 54 жастағы жүргізушіні ұстады, ол Павлодардың орталығында мас күйі жеңіл көліктің тізгініне отырған. Ер адамның жүргізу куәлігі болмаған.
"Павлодар облыстық сотының апелляциялық алқасының үкімімен мас күйі көлік басқарғаны үшін Павлодар тұрғыны 10 тәулікке қамауға алыну түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады сот өкілдері.
Осыған дейін Павлодар әкімшілік сотында құқықбұзушы 20 тәулікке сотталған болатын. Бірақ ол соттың шешіміне шағым түсірді. Апелляциялық шағымда ер адам ауған соғысының ардагері екенін және денсаулығының нашарлығына байланысты өндіру шарасын азайтуды сұраған болатын. Апелляциялық алқа әкімшілік жауапкершілік жазасын екі есе қысқартты.