Автобекетке шабуыл жасаған уақытша ұстау изоляторының басшысы жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автобекетке шабуыл жасаған уақытша ұстау изоляторының басшысы жұмыстан шығарылды © kn.ks.ua

Ақмола облысында автобекетке шабуыл жасаған аудандық уақытша ұстау изоляторының басшысы жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында автобекетке шабуыл жасаған аудандық уақытша ұстау изоляторының басшысы жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

Полициядағылардың мәліметінше, қызметтік тергеу нәтижесінде 5 қазанда Ақмола облысы Шортанды аудандық уақытша ұстау изоляторының басшысы ішкі істер органдарынан қуылды.

Ақмола облыстық ІІД өкілдері бірнеше басшының жұмыстан қуылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтып өтті.

"Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, Көкшетаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып, қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысының уақытша ұстау изоляторы басшысының Астана-Көкшетау тасжолындағы автобекетке шабуыл жасап, кассадағы ақшаны тонап кеткені жайлы хабарланған болатын. Оқиға 5 қазанда болған, дәл сол күні ІІМ криминал бөлімінің полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына жеткізген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети