06 сәуір 2017 | 12:50

Автобус ішінде жолаушыларға ақ жол тілегені үшін қайыр сұраған ер адам жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада автобус ішінде жолаушылардан қайыр сұраған ер адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада автобус ішінде жолаушылардан қайыр сұраған ер адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, таяуда "Қызылорда-Байқоңыр" бағытындағы автобустың жолаушысы белгісіз ер адамның автобус ішінде дұға оқып, кейін осы қызметі үшін салондағылардан қайыр сұрағанын видеоға түсіріп алған болатын. Видеоны куәгер редакцияға жолдаған.

"Қой терісін жамылған қасқырдай, ақшаны көздеген белгісіз азаматтардың осындай іс-əрекеттері қаншалықты заңды? Мұндай азаматтарға құзырлы органдардың тарапынан шара қолданылмай ма? Экстремизм мен терроризм белең алып тұрған мына заманда осындай іс-əрекеттер халықты адастыруға алып кетпесіне кім кепіл?", - деп наразылығын білдірген еді оқырман.

Өз кезегінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл ер адамның ұсталып, жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеосюжеттегі "Қызылорда-Байқоңыр" бағытындағы автобуста болған дерек бойынша ОІІД Жергілікті полиция қызметімен тексеру жұмыстары жүргізіліп, қайыршылық жасаған 1991 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабының 3-бөлігімен (қоғамдық орында тиісу, оның ішінде шетел азаматтарының қайыршылық жасау, бал ашу) әкімшілік хаттама толтырылып, қазіргі таңда оны сот арқылы республика шегінен шығарып жіберу мақсатында жинақталған құжаттар Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады", - делінген Қызылорда облыстық ІІД-нің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жолдаған жауабында.

Сонымен қатар, ведомствоның баспасөз қызметі қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілдермен сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субьектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету мақсатында мазалап өтініш білдірген тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады және бір жыл көлемінде бұл әрекеттер қайталанған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынатынын ескертіп отыр.

"Егер, бұл әрекеттер шетелдік немесе азаматтығы жоқ азаматтар жасаса, республика шегінен шығарыла отырып, бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Облыстық ІІД өкілдері жыл басынан бері қайыршылықтың 79 дерегі анықталғанын хабарлады. "ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша жыл басынан 79 дерек анықталса, оның 2-еуі шетел азаматы. Бұл бағыттағы деректерді анықтау бағытында учаскелік полиция инспекторлары көші-қон полициясының қызметкерлерімен базарлар мен вокзалдарға үнемі рейдтік шаралар жүргізуде", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, полицейлер қайыршылық жасау деректері, оның ішінде шетел азаматтары қайыр сұрап жүрсе ішкі істер органдарының арнайы "102" желісіне хабарласу қажет екенін айтты. Хабарлама қабылданғаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылық орын алған аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы немесе көші-қон полициясының қызметкерлері оқиға орнына барып әкімшілік шаралар қолданады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети