28 маусым 2019 17:38

Автобустың бейнебақылау камерасы қызды тонап кеткен ер адамды жазып алған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бейнебақылау камерасының арқасында тонаушыны із суытпай бірден ұстап алуға мүмкіндік туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бейнебақылау камерасының арқасында тонаушыны із суытпай бірден ұстап алуға мүмкіндік туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық полиция басқармасының ақпараты бойынша, 30 жастағы ер адам тұрғын үй ауласында 17 жасар қыздың қолынан ұялы телефонды жұлып-ап, оқиға орнынан қашып кеткен. 

"Полиция қызметкерлері тұрғын үй ауласы мен қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камералары арқылы, күдіктінің жолын аңдыған. Сөйтіп, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал тонап кеткен ұялы телефон тәркіленіп, өз қожыйына тапсырылды", - деп хабарлады елордалық полиция бөлімшесі. 

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы, ер адам ұялы телефонды ұрланғаннан кейін автобус аялдамасына жүгіріп, автобусқа мініп, кетіп қалғанын анықтады. Сөйтіп, кейінірек оны ұстаған еді. Алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп, күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па екендігі тексеріліп жатыр.

Жыл басынан бері бейнебақылау камералары жүйесінің арқасында 600-ге жуық қылмыс және 22 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз әрекеттерден зардап шеккендерді Нұр-Сұлтанның полиция бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети